Талдықорғанда Q-net қаржы пирамидасының басшысы қамауға алынды

Талдықорғанда Q-net қаржы пирамидасының басшысы қамауға алынды
Сурет: Тengrinews.kz

Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Талдықорғанда Q-net қаржы пирамидасын құрды және оны басқарды деген күдікке ілінген азаматқа қатысты тергеуді Қаржылық мониторинг агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Агенттік ақпаратынша, 2018-2020 жылдар аралығында қаржы пирамидасының қызметіне 231 адам тартылып, 220 млн теңгеден астам ақша салған.

Сот күдіктіге қатысты "қамау" түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілмейді.

ҚМА Конституцияның 77-бабы 3-тармағы 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыс жасағаны соттың заңды күшіне енген үкімімен дәлелденбегенге дейін әркім кінәсіз деп есептелетінін еске салды.