Біздің спортшылар екрін күрестен әлем чемпионатына қатыспақ

Біздің спортшылар екрін күрестен әлем чемпионатына қатыспақ
Сурет: Рrosports.kz

Отандастарымыз әлемдік күрес додасына қатысады.

Ұлттық Олимпиада комитеті мәліметінше Еркін күрестен жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық спортшылар тізімі анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Көрші Ресейдің Уфа қаласында грек-ри, еркін және әйелдер күресінен жастар арасында әлем чемпионаты өтеді. Аталған дүниежүзілік біріншілікке Қазақстан сапынан 10 балуан қатысады.

Баратын спортшылар тізімі: 

57 келі: Есенгелді Асылжан
61 келі: Маликов Саламат
65 келі: Ермекбай Бекзат
70 келі: Бауыржанов Әсет
74 келі: Қуанышбай Нұрдаулет
79 келі: Нұржаубаев Махамбет
86 келі: Ильясов Исламбек
92 келі: Үркімбай Бекзат
97 келі: Гафуров Юнус
125 келі: Тажи Бекзат

Қазақстан жастар құрамасын әлем чемпионатына аға жаттықтырушылар Мадияр Құрамсов пен Самат Жақыпов бастап барады.