Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен және жұмыс істеген дәрігерлерге, полицейлер мен құтқарушыларға өтемақы төленді

Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен және жұмыс істеген дәрігерлерге, полицейлер мен құтқарушыларға өтемақы төленді
Сурет: 24.kz.

Бүгінде аталған көмекті 211 адам алды. 

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша денсаулық сақтау саласының, құқық қорғау органдарының, ТЖД және құтқару қызметінің ТЖ кезінде зардап шеккен және жұмыс істеген қызметкерлеріне материалдық көмек аударылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Хабарланғандай, аталған салалардың зардап шеккен қызметкерлеріне өтемақы төлеу өткен дүйсенбіде басталды. Бүгінде аталған көмекті 211 адам алды. Өтемақы төлеу процесі жалғасуда. 

Сонымен қатар, төтенше жағдай кезінде жұмыс істеген қызметкерлер марапатталды. Оның ішінде 3882 денсаулық сақтау саласының қызметкеріне жалпы сомасы 546,7 млн теңге, 93 құтқарушыға 13,1 млн теңге және ТЖД 1207 қызметкеріне 126 млн теңге төленді. 

Жақын күндері қалалық полиция департаментінің 3878 қызметкеріне толық көлемде қаражат аудару аяқталады.