Зейнетақы жинағын 1 сәуірге дейін алуға болады

Зейнетақы жинағын 1 сәуірге дейін алуға болады
Сурет: Tengrinews.kz

Төменгі жеткіліктілік шегінің мөлшері туралы ақпарат БЖЗҚ сайтында жарияланған.

Өтініш enpf.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы берілуі мүмкін немесе БЖЗҚ-ның кез келген өңірлік бөлімшесіне салымшы өзі келуі тиіс, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Төменгі жеткіліктілік шегі бойынша 2021 жылдың зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға тек 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін аударуға болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БЖЗҚ салымшылары өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емделудің ақысын төлеу үшін ғана емес, сондай-ақ, инвестициялық портфельді басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін де пайдалануға құқылы.

Салымшының зейнетақы жинақтары келесі жағдайларда ИПБ басқаруына берілуі мүмкін:

- салымшының БЖЗҚ-дағы нақты зейнетақы жинақтары мен зейнетақы жинақтарының ең аз жеткіліктілік шегі арасындағы айырмадан аспаған мөлшерде;

- өмір бойғы төлемдерді көздейтін сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шарты жасалған жағдайда, салымшының БЖЗҚ-дағы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығынан аспайтын мөлшерде.

Биылғы 1 сәуірден бастап 2022 жылға есептелген зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі (ТЖШ) күшіне енеді.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 13 желтоқсандағы №875 қаулысымен 2021 жылға есептелген ТЖШ қолдану мерзімі 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартылды.

Осылайша, 2022 жылға арналған ТЖШ 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап күшіне енетіндіктен, зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға 2021 жылға есептелген ТЖШ шамаларына сәйкес өтініштер бойынша 2022 жылғы 31 наурызды қоса алғанда аударуға болады.

ТЖШ мөлшері туралы ақпарат БЖЗҚ сайтында жарияланған. Зейнетақы жинақтарын бір немесе бірнеше ИПБ аудару үшін салымшы БЖЗҚ-ға өтінішпен жүгінуі қажет.

Өтініш enpf.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы берілуі мүмкін немесе БЖЗҚ-ның кез келген өңірлік бөлімшесіне салымшы өзі келуі тиіс.

БЖЗҚ салымшыдан өтініш келіп түскен күннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде зейнетақы жинақтарын ИПБ сенімгерлік басқаруға аударады.