НАТО Финляндияны қатарына қоса ма?

НАТО Финляндияны қатарына қоса ма?
Cурет: Ашық дереккөз

НАТО-ға кірген 30 мемлекет мүшелікті ратификациялауы керек

Финляндия тез арада НАТО-ға қосылуға ниетті. Тиісті шаралар жақында іске асады - деді ел президенті мен Үкімет басшысы. Суоми елінің альянсқа кіруіне қатысты мәселе парламентте сәуірден бері талқыланып келеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. 

Егер олар мүшелікке өтініш беру туралы шешім қабылдаса, оны алдымен Солтүстік атлантикалық альянстың кеңесі қарастырады. Кейін НАТО-ға кірген 30 мемлекет мүшелікті ратификациялауы керек.