Азия чемпионаты: Байдаркада есуден Қазақстан қоржыны екі медальмен толықты

Азия чемпионаты: Байдаркада есуден Қазақстан қоржыны екі медальмен толықты
Сурет: 1xmatch.com

Біріншілік 27 наурызға дейін өтеді.

Бұл күндері Бангококта байдарка мен каноэде есуден Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz сілтеме жасап.

Байдаркада есуден Қазақстан қоржыны қос күміспен толықты. Жарыстың кезекті күнінде ерлер арасында 500 м есуден Сергей Токарницкий күміс жүлдеге ие болды. Сондай-ақ 500 м қашықтықта екеулік байдарка бойынша Ольга Сурмина мен Маргарита Торлопова күміспен күптелді. 

Айта кетерлігі, аталған құрлықтық біріншілік 27 наурызға дейін өтеді.