Қазақстанда медбикелер мен тәрбиешілер тапшы

Қазақстанда медбикелер мен тәрбиешілер тапшы
Сурет: Admnvrsk.ru

Барлық дерлік облыстарда медбикелер тапшылығы байқалады.

Еңбек саласындағы мамандар Қазақстанда қандай мамандар тапшы екенін айтып отыр. Олардың сөзіне жүгінсек, жұмыс берушілер арасында медбикелер мен тәрбиешілерге деген сұраныс өте жоғары, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Еңбекминіне сілтеме жасап.

Алдыңғы кезеңдердегідей, ЭЕБ-да білікті қызметкерлер арасында күзетшілердің (1452 бос орынға қарсы 703 түйіндеме), медбикелер/мейіргерлердің (811 түйіндеме және 1554 бос орын), тәрбиешілердің (705 түйіндеме және 1441 бос орын) тапшылығы байқалды.

Сонымен қатар заңгерлер, әлеуметтік қызметкерлер, дене шынықтыру мұғалімдері арасында артықшылық байқалады.

«Тапшы кадрлар бойынша өңірлік теңгерімсіздікті де атап өтуге болады. Мәселен, күзетшілердің ең көп жетіспеушілігі Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында байқалды, ал Маңғыстау облысында, керісінше, көп. Өңірлер бойынша бөлудің ұқсас жағдайы орта медициналық персонал, сондай-ақ тәрбиешілер үшін де қалыптасуда. Алайда Түркістан облысы мен Шымкентте медбикелер/мейіргерлердің саны артып, барлық дерлік облыстарда медбикелер тапшылығы байқалады», – деді Александра Молчановская.