Ақпан айында Қазақстанда жұмыс іздеушілер саны азайған

Ақпан айында Қазақстанда жұмыс іздеушілер саны азайған
Сурет: Baribar.kz

Қаңтармен салыстырғанда 22,2%-ға төмендеген.

Қазақстандық мамандар ақпан айында жұмыс іздеушілер саны азайғанын айтып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ  деректері бойынша, 2022 жылғы ақпанда Электрондық еңбек биржасында 72,3 мың бос жұмыс орны және 54,6 мың түйіндеме орналастырылған. Мәселен, ақпан айында бос орындар саны 5,9%-ға өсті, ал жарияланған түйіндемелер саны 2022 жылғы қаңтармен салыстырғанда 22,2%-ға төмендеді»,- делінген Еңбекмині баспасөз қызметінің хабарламасында.

Егер ағымдағы жылдың қаңтарында ізденушілер орналастырған түйіндемелердің саны бос орындар санынан 1,9 мыңға асып кетсе, ақпан айында бос орындар мен жұмыс іздеп жүрген адамдар арасындағы алшақтық бос орындар пайдасына 17,7 мыңды құрады. Өткен аймен салыстырғанда ЭЕБ-дағы бос орындар саны 4 мыңға өсті, ал түйіндеме 15,6 мыңға азайды.

Ақпан айында өңірлік талдау тек бес өңірде ЭЕБ-те бос орындар санының төмендегенін көрсетеді – Шымкент қаласында (-37% немесе 1,3 мың бос жұмыс орынға), Жамбыл облысында (-14% немесе 400 бос жұмыс орынға), Нұр-Сұлтан қ. (-13,7% немесе 1,3 мың бос жұмыс орны), Қызылорда (-12,3% немесе 200 бос жұмыс орынға) және Ақтөбе (-6,5% немесе 180 бос жұмыс орынға) облыстарында. Сұраныстың ең жоғары өсімі Маңғыстау (+56,4% немесе 1 мың бос жұмыс орны), Павлодар (+36% немесе 1,3 мың бос жұмыс орны) облыстарында, Алматы қаласында (+32,4% немесе 1,8 мың бос жұмыс орны) және Ақмола облысында (+23,4% немесе 500 бос жұмыс орны) байқалды.

Ізденушілер тарапынан белсенділіктің ең көп төмендеуі Алматы қаласында (-3,3 мың немесе -49,4%), Қызылорда облысында (-3,3 мың немесе -47%), Жамбыл облысында (-2,4 мың немесе -42%) және Шымкент қаласында (-2 мың немесе -42%) байқалды.  

«Бұл ретте біліктілігі жок еңбек ресурстарына сұраныс қатты өзгерістерге ұшыраған жоқ, ал ұсыныс өткен аймен салыстырғанда 33%-ға қысқарды. Білікті кадрларға сұраныстың ең көп өсуі автомобильдер мен автобустардың жүргізушілеріне, буып-түюшілерге, технологиялық қондырғыларды жөндеу жөніндегі слесарьларға және технологиялық жабдықтарды монтаждаушыларға байқалды. Ал өткен аймен салыстырғанда бос жұмыс орындары шет тілі мұғалімдері, тас қалаушылар, call-орталық операторлары және құрылыстағы электршілер үшін аз орналастырылды», – деді ЕРДО басқарушы директоры Александра Молчановская.