Алматыдағы өрт: көліктегі автоцистернаның жарылуына байланысты тергеу басталды

Алматыдағы өрт: көліктегі автоцистернаның  жарылуына байланысты тергеу басталды
Сурет: Newshub.kz

Алматыда жанғыш сұйықтық сақталған кәсіпорында шыққан өртке қатысты ішкі тергеу басталды.

Өндірістік мекемеде арнайы комиссия құрылып, қызыл жалынның шығу себебі анықталып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Өрт сөндірушілердің алдын ала болжамы бойынша, от қазандыққа қажетті сұйық отын тиелген жүк көлігінен шыққан. Тексеру жұмыстары заңға сәйкес 15 жұмыс күні ішінде аяқталуы тиіс. 4 мамыр күні кешке шаһардағы қоймалардың бірінде өрт шығып, жүк көлігіндегі автоцистерна жарылғанын еске сала кетейік. Қызыл жалын қаланың әр бұрышынан көрінді. Сондай-ақ, темір жолда тұрған екі цистернаны да өрт шарпып, ішіндегі жағармай жанып кеткен.