Үй тонау фактілері тіркелген жоқ

Үй тонау фактілері тіркелген жоқ
Сурет: ашық дереккөз

Алматы полиция департаментінің қызметтері мен бөлімшелері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Жалпы, қаладағы тәртіпті 2,5 мыңға жуық полиция қызметкері — патрульдік қызметкерлер, учаскелік инспекторлар, ювеналды полиция қызметкерлері, жедел уәкілдер, сондай-ақ тергеу-жедел топтары қамтамасыз етті.

«Түн салыстырмалы түрде тыныш болды. Қаладағы жедел жағдайдың асқынуына жол берілмеді. Жол қауіпсіздігі тиісті деңгейде қамтамасыз етілді. 102 желісі қалыпты режимде жұмыс істеп тұрды. Азаматтардан келіп түскен қоңыраулар саны көбейген жоқ», — деп хабарлады Алматы полиция департаменті.

Сонымен қатар, бастапқы кезеңде азаматтардың мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету және қылмыстың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізілді.

Ешқандай тонау фактісі тіркелмеген.