Сарапшылар жер сілкінісі кезінде жанармай құю станциясына бармаған жөн дейді

Сарапшылар жер сілкінісі кезінде жанармай құю станциясына бармаған жөн дейді
Сурет: ашық дереккөз

Брифинг барысында сейсмологиялық бақылау және зерттеу Ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев қала тұрғындарын тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Сұрақ:

-Көптеген тұрғындар жанармай құю бекеттеріне барды, бұл жер сілкінісі кезінде қаншалықты қауіпсіз?  

Жауап:

-Жойқын жер сілкінісі жағдайында қайталама факторлар – жарылыстар, өрттер болуы мүмкін.  

Қандай да бір себептермен біздің азаматтар ресми дереккөздерден алынған мәліметтерге сенбейді. Ең алдымен ресми ұйымдарға - ТЖД, құтқару қызметі, жергілікті атқарушы органға сенуге шақырамын. Адамдар көрші чаттарына емес, өз ісімен айналысатын мамандарға сенуі керек. Біздің міндетіміз-журналистермен бірлесіп азаматтарға ресми деректерді жеткізу. Қоғамда төтенше жағдайларға ден қою мәдениетін тәрбиелеу қажет.