«Күшті және жойқын жер сілкінісі болмайды» – Сейсмология институты

«Күшті және жойқын жер сілкінісі болмайды» – Сейсмология институты
Сурет: ашық дереккөз

Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев БАҚ пен тұрғындардың сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.  

«Сейсмикалық жағдайдан кейін біз Қырғызстан мен ҚХР аумағында 100-ден астам афтершококты тіркедік. Қала тұрғындары қазір 5-тен аспайтын афтершокты сезінді. Бұл қанша уақытқа созылуы мүмкін? Түркия мен Сирияда болған оқиғаларды алайық: жер сілкінісі осы күнге дейін болып жатыр, біз осы оқиғаларды тіркеп отырмыз. Сондай-ақ, сіз күн сайын Кахраманмараш пен Сириядағы оқиғаларды жаңалықтан көріп отырмыз. Бізде жойқын зілзала бола ма? Мен 100% жоқ деп айта аламын. Бізде күшті және жойқын жер сілкінісі болмайды, қатты жер сілкінісі болмайды. Дүмпу азайып барады. Біздің қаланың тұрғындары мен қонақтары қандай да бір дүмпулерді сезінген жағдайлар, жер сілкінісі кезінде әрекет ету ережелерін білу қажет», деп айтты Дәулет Сәрсенбаев.