Бразилияда су тасқыны болды

Бразилияда  су тасқыны болды
Сурет: Rtvi.com

Табиғи апат үлкен залал әкелді

Бразилияда алапат су тасқыны мен лай көшкінінен 24 адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап

Бразилияда алапат су тасқыны мен лай көшкінінен 24 адам опат болды. 17 мыңға жуық тұрғын баспанасын тастап кетуге мәжбүр болды.

Қазір жергілікті билік елдің 124 муниципалитетінде төтенше жағдай режимін жариялады. Мамандардың айтуынша, Минас-Жерайс штатында 10 күннің ішінде 400 миллиметр жауын-шашын түскен.

Ұлттық тау-кен өндіру агенттігі тасқыннан елдегі 42 бөгетке қауіп төніп тұрғанын айтады.

Мамандардың хабарлауынша, апат қаупі бар 3 бөгет кез келген уақытта жарылуы мүмкін.