Имамдар қазақстандықтарды екпе салуға шақырды

Имамдар қазақстандықтарды екпе салуға шақырды
Сурет: Novyny.live

Ислам дінінде адамның өмірі мен денсаулығынан асқан құндылық жоқ.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы КВИ-ға қарсы екпе салуға шақырып, арнайы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Muftyat.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталмыш үндеуде арнайы медицина мамандары қазіргі таңда әлемге қауіп төндірген коронавирус індетінің алдын алу үшін вакцинациялаудың адам денсаулығын сақтап қалудың қауіпсіз және тиімді әдіс екенін айтқанын жеткізген.

Ал шариғат бойынша зәру жағдайда екпе салуға болады. Алайда екпе салдыру – әр азаматтың өз еркі.

«Өздеріңізге белгілі, әлемде және елімізде пандемиялық жағдай күн сайын күрделенуде. Жұқпалы дерттен бір отбасында бірнеше адам жан тапсыруда. Бұл жағдай екпе салдыруға қатысты оң шешім қабылдау қажеттігін көрсетіп отыр. Осы ретте халықты барынша сақтанып, денсаулығымыз бен өмірімізді сақтап қалу үшін екпе салдыруға үндейміз», – делінген үндеуде.