Түркістанда 11 жасар қыз жоғалып кетті

Түркістанда 11 жасар қыз жоғалып кетті

Үстінде жейде, қара джинсы шалбар болған.

Түркістан полициясы 11 жасар қыз баланы іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Інжу 2012 жылы туған. Бойы 130-135 см, шашы ұзын, қою қоңыр түсті. Үстінде жейде, қара джинсы шалбар, аяғында қара түсті спорттық аяқ киім болған.

Іздеу жарияланған жасөспірім туралы қандай да бір ақпарат болса, Түркістан қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне 8-725-33-97-40-94, 8-747-497-42-24, 8-701-480-78-88 нөмірлері бойынша немесе 102 арнасына хабарласуды сұраймыз», - делінген полиция мәліметінде.