«Тұран» этно-фольклорлық ансамблі Ташкентте өнер көрсетті

«Тұран» этно-фольклорлық ансамблі Ташкентте өнер көрсетті
Сурет: 24.kz

Өзбекстанда өтіп жатқан қазақ мәдени күндері аясында «Folk and Symphony» атты бірегей жоба ұсынылды.

Оның ерекшелігі, концертте заманауи симфониялық оркестр мен ежелгі музыкалық аспаптар біріктірілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

«Тұран» этно-фольклорлық ансамблінің авторлық жобасы алғаш рет Ташкент көрерменіне көрсетіліп отыр. Өзбекстанның симфониялық оркестрі мен бас дирижері бұл іске қолдау білдірді. Қазақстандық өнерпаздар 30-дан аспапты меңгерген. Кейінгі 15 жылда АҚШ, Германия, Франция сынды бірнеше Еуропа мемлекетін аралап, әлемдік сахналарда өнер көрсетіп жүр. Ұлттық аспаптарымыздың таңғажайып үні мен халық шығармашылығын жаһанға танытып келеді.

Қазақ фольклорын заман талабына сай дамытқан өнер ұжымының шеберлігін жергілікті жұрт жоғары бағалады. «Тұран» тобының ендігі сапары Самарқанд пен Бұқарада жалғасады.