Алматыда енді суарылмайтын жерлерге көшеттер егілмейді

Алматыда енді суарылмайтын жерлерге көшеттер егілмейді Сурет: Kazgazeta.kz

Алматы әкімі Ерболат Досаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалада көшет отырғызудың жаңа ережесін жеткізді.


Айтуынша, биыл қалалық мәслихат жаңа тұжырымдама қабылдаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Биылдан бастап суару жүйесі жоқ жерге ағаш отырғызылмайды. Тамырланып өсіп кетуі үшін 2-2,5 метрден аласа көшет егілмейді. Бұған дейін көшеттердің 30-40% өспей қурап қалса, енді оны 10%-ға дейін төмендетеміз. Ал қураған немесе апатты жағдайдағы ағашты кесу үшін 8 ауданға 5,5 мың квота бердік. Бұрын экологтар кей ағаштарды кесуге тыйым салатын. Қазір оның жолын таптық. «Мына ағашты кесу керек, құлайын деп тұр» деп тұрғындар өздері хат жазады. Содан кейін біз барып, тексереміз», - деді шаһар басшысы Астанада өткен брифингте. 



Айта кетейік, Алматыда биыл көктемде 20 мың көшет отырғызылды. Негізінен егу жұмыстары күзде жүргізілді, себебі жылдың осы мезгілі көшеттердің тамырланып өсіп кетуіне ыңғайлы. 2023 жылы барлығы 320 мың ағаш отырғызылып, 2,3 млн ағашқа 4 рет биологиялық өңдеу жүргізіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:48

11:15

11:12

10:56

10:36

10:24

09:46

09:23

08:41

19:31

17:45

17:16

16:24

16:10

15:40

15:15

14:50

13:46

13:15

12:40

12:07

11:45

11:05

10:49

10:45