Топардағы карантин тоқтады

Топардағы карантин тоқтады
Сурет: gov.kz

Осыдан 2 апта бұрын Топар ауылында сібір жарасы анықталғанын хабарлағанбыз.

Енді 15 күнге созылған карантин де кіреберісте тұрған бағана да алынып тасталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау комитетінің Қарағанды облыстық инспекциясы ауылда карантиннің алынып тасталғаны туралы қаулының күшіне енгенін мәлімдеді.

Ауылда сібір жарасы анықталғаннан кейін осы аралықта адам да, мал да ауырмаған. Қазіргі таңда ауылдағы барлық мал басына сібір жарасына қарсы екпе егілген. Сарапшылар инфекция көзін әлі іздестіруде.

«Малдың ауруды жем-шөп арқылы жұқтыруы мүмкін деген нұсқа бар. Өйткені қожайындары малдарын жайлауға шығармаған. Біз сынақ үшін бірнеше жем үлгілерін жібердік. Сынақ нәтижесін күтеміз», – деді Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау комитетінің Қарағанды облыстық инспекциясы басшысының орынбасары Данияр Мерғазин.