Алматыда әжетханадан табылған сәбиді асырап алды

Алматыда әжетханадан табылған сәбиді асырап алды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Оны 2022 жылдың тамызында полицейлер  әжетханадан тауып алған.

Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бұл сәбиді бір отбасы қамқорлығына алған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Сәбиді асырап алған ерлі-зайыпты ұзақ жыл некеде тұрған, балалы болмаған отбасы екен. Олар нәрестені  балалар үйінің базасынан көріп, бірден алып кеткісі келіп, басқа қаладан арнайы келген.

Бұл нәрестені 2022 жылдың тамызында алматылық полицейлер Түрксіб ауданындағы көшедегі әжетханадан құтқарып қалған. Оның анасы деп танылған 17 жастағы қыз ауруханаға түскен, баланы туып, әжетханаға тастап кеткен.