Өзбекстанға Спутник V вакцинасының 90 мың дозасы жеткізілді

Өзбекстанға Спутник V вакцинасының 90 мың дозасы жеткізілді
сурет: Inform.kz

Республикадағы жалпы вакцина қоры 17 миллион 946 мың 540 дозаға жеткен.

Ресейдің Н.Гамалей атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығы жасаған Спутник V вакцинасының 90 мың дозалы ІІ копоненті Өзбекстанға жеткізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, елге жеткізілген Спутник V вакцинасының жалпы қоры 460 мың дозаны құрады. Ал, республикадағы жалпы вакцина қоры 17 миллион 946 мың 540 дозаға жеткен. Олардың: ·460 мың доза «Спутник V», ·986 480 мың доза AstraZeneca, ·13,5 миллион доза - ZF-UZ-VAC2001, ·3 миллион 60 доза - Moderna вакцинасы.