Коронавирус басталғаннан бері әлемде 6 миллионнан астам адам қайтыс болды

Коронавирус басталғаннан бері әлемде 6 миллионнан астам адам қайтыс болды
Сурет: Who.int

Коронавирус жұқтырғандар саны 470 миллионға жуықтады

 АҚШ Джонс Хопкинс университетінің мәліметтері бойынша, әлемде коронавирустық инфекцияның тіркелген жағдайларының саны 468 миллион 147 мың 268-ге жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК сілтеме жасап. 

Вирустың таралуы басталғаннан бері әлемде COVID-19 жұқтырғаннан кейін 6 миллион 70 мың 885 адам қайтыс болды. Инфекцияның 20 миллионнан астам жағдайы бар елдер қатарына АҚШ, Үндістан, Бразилия, Франция және Ұлыбритания кіреді. Штаттарда 79 миллион 717 мың 247 COVID-19 жұқтырғаны анықталды, 970 806 науқас қайтыс болды. Үндістанда 43 миллион 6 мың 80 инфекция вирус жұқтыру жағдайы және 516 352 өлім деректері, Бразилияда 29 миллион 584 мың 800 ауру жағдайлары тіркеліп, 657 098 адам қайтыс болды.