Қазақстан мен Ресей компаниялары 27 келісімшартқа қол қойды

Қазақстан мен Ресей компаниялары 27 келісімшартқа қол қойды
Cурет: Qazaqstan.tv

Бұл ауқымды шараға 500 отандық кәсіпкер қатысқан, ал біздің ел алғаш рет серіктес мәртебесін алды.

Қазақстан мен Ресей компаниялары Екатеринбург қаласында өткен «Иннопром» халықаралық өнеркәсіптік көрмесінде 27 келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Құжаттар өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру, тәжірибе алмасу және жаңа жобаларды жүзеге асыруға бағытталған. Серіктестік 50 миллион долларға бағаланып отыр. 

«Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі және Ресей Федерациясының өнеркәсіп және сауда министрлігінің арасында жол картасына қол қойылып отыр, ол жол картасы өнеркәсіп саласындағы кооперацияны нығайтуға бағытталған. Осы жол картаның шеңберінде үш жаңа жоба іске асырылатын болады. Олардың жалпы сомасы 6,3 млрд доллар құрайды», - дейді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев.