Әзірбайжанның Сумгаит қаласындағы көшеге Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді

Әзірбайжанның Сумгаит қаласындағы көшеге Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді
сурет: Akorda.kz

Мәдениет алмасуы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевке Сумгаит қаласындағы көшелердің біріне қазақ халқының көрнекті өкілі Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілгені үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
«Сонымен қатар, біз елдеріміз арасында мәдениет қайраткерлері мен делегацияларды тұрақты алмасуға келістік. Сунгаит қаласындағы көшелердің біріне қазақ халқының көрнекті өкілі Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілгеніне алғыс айтамыз.
Ахмет Байтұрсынов 1926 жылы осы Баку каласында өткен бірінші Бүкiлодақтық түркологтар съезiне делегат ретінде қатысқан. Бұл факт бiздiң елiмiз бен халықтарымыз арасында қашан да тығыз байланыс болғанын тағы бiр рет дәлелдейді деп ойлаймын. Кезінде елордамыздың бір көшесіне көрнекті мемлекет қайраткері, Әзірбайжан халқының біртуар перзенті Гейдар Әлиевтің есімі берілген», - делінген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен өткен келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ үшін мәлімдемесінде.