Қазақстанның жеті өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның жеті өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
сурет: Aikyn.kz

Найзағай ойнайды

25 тамызда елдің жеті облысында күн күркіреп, аптап ыстық және қатты жел соғады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Күндіз 25 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Петропавл қаласында күндіз 25 тамызда найзағай ойнайды.
Күндіз 25 тамызда Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында 35 градус қатты ыстық болады. Облыстың оңтүстік-батысында өте жоғары өрт қауіпі бар.
Күндіз 25 тамызда Атырау облысында 35 градус қатты ыстық болады. Облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі бар.
25 тамызда Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.
25 тамызда Алматы облысының оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с солтүстік-шығыс бағыттағы жел соғады. Қонаев қаласында 25 тамызда екпіні 15-20 м/с солтүстік-шығыс бағыттан жел еседі.
25 тамызда Қызылорда облысының орталығында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз күші 15-20 м/с жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында 25 тамызда төтенше өрт қаупі бар.
25-27 тамызда Түркістан облысының таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі бар.