Еліміздің жетекші IT-университеті цифрлық экономикаға кадрларды қалай дайындауда

Еліміздің жетекші IT-университеті цифрлық экономикаға кадрларды қалай дайындауда

Маңызды мемлекеттік міндетті іске асыру мақсатында Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (ХАТУ) әлемнің үздік IT-жоғары оқу орындарымен және компанияларымен әріптестікте білім беру бағдарламаларын әзірлеуде.

«Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы шеңберінде ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігімен және Дүниежүзілік банкінің қолдауымен ХАТУ 40 білім беру бағдарламасын әзірлеп енгізді, олардың көпшілігі бірегей. Бұл бағдарламалар жұмыс берушілердің талаптары мен жоғары халықаралық стандарттарды ескере отырып, шетелдік серіктестер – Inha University және Hof University-мен бірлесіп әзірленді.

ХАТУ әлемге әйгілі Coursera онлайн білім беру платформасымен ынтымақтастық орнатқан және Coursera for Campus жоғары оқу орындары үшін арнайы өнімді енгізген Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы университет болып табылады. Оқытушылар мен студенттерге 2,5 мың Coursera лицензиясы бөлінген, бұл оларға әлемнің жетекші жоғары оқу орындарынан онлайн курстан өтуге мүмкіндік береді.

Microsoft компаниясы ХАТУ-ды әлемнің 30 университеті ғана қатысатын «Microsoft Learn for Educators Institutional Program» жаһандық бағдарламасына қосты. Сондай-ақ, жоғары оқу орны Amazon Web Service Academy, Huawei, Cisco, IBM, Касперский Зертханасы және т.б. IT-индустрияның жоғары технологиялық вендорларымен ынтымақтастықты белсенді дамытуда.

«Халық банк» АҚ-мен бірге IT-университет «Ақпараттық жүйелер», «Үлкен деректерді талдау», «Бизнес-талдау», «Қаржылық технологиялар» және т.б. білім беру бағдарламаларына қосылған банк технологияларының негізгі стекінің бірқатар пәндері мен модульдерін енгізуге кірісті, бұл озық банктік технологиялармен жұмыс жасауда практикалық дағдылары бар мамандарды даярлауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

ҚР Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтымен «Киберқауіпсіздік» бірлескен білім беру бағдарламасы шеңберінде кадрлар даярлау бойынша жұмыс жалғасуда. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетімен ынтымақтастықта «Бизнес-журналистика, SMM & PR» бірлескен білім беру бағдарламасы әзірленді. Цифрлық журналистика – «Цифрлық медиатехнология және деректерді визуализациялау» бойынша магистратура ашылды, «Халықаралық журналистика» атты жаңа бағдарламасын ашу жоспарлануда.

ХАТУ өзінің әлеуметтік миссиясын да белсенді түрде жүзеге асыратындығын атап өткен жөн. Мысалы, егде жастағы адамдар үшін «Күміс университет» жобасы табысты жүзеге асырылуда, онда олар IT-саласында жұмыс істеуге қажетті білім мен дағдыларды игере алады.

Жоғары білікті маман болу және еңбек нарығында сұранысқа ие болу үшін еліміздің жетекші IT-университетінде білім алушыларға барлық жағдай жасалған. Білім беру процесінде студенттердің қажетті құзыреттілігі мен практикалық жұмыс дағдыларын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Университетте студенттерге кәсіпкерлік дағдыларды дамытуға көмектесетін және стартаптарға инвестиция салуға мүмкіндік беретін Innovation Center жұмыс атқаруда.

Білім беру бағдарламалары мен оқуға түсу шарттары туралы толық ақпаратты ХАТУ-да, Манас көшесі, 34/1 мекен-жайы бойынша, сонымен бірге www.iitu.edu.kz сайтынан және қабылдау комиссиясынан алуға болады – тел. 8 (727) 320-00-00 және 320-00-01 (бакалавриат), 244-51-12 (магистратура-докторантура).