Каспий теңізіне әуеден барлау жүргізілді

Каспий теңізіне әуеден барлау жүргізілді
Сурет: Inform.kz

Атырау облысында төтеншеліктер мен экологтар Каспий теңізін әуеден барлады.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «ҚазАвиаҚұтқару» АҚ-ның «МИ-8» тікұшағымен теңізге әуеден барлау жүргізуге су бетінде мұнайға ұқсас дақтың көрінгені туралы ақпарат себеп болған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«13 наурызда «Теңізшевройл» ЖШС мен «Гидробиология және экология» институтының мамандары Каспий теңізінің қазақстандық секторында және жағалаудағы Прорва айлағы орналасқан аумаққа әуеден барлау жүргізіп, 18 және 19-нүктеде су бетінде мұнай өнімдеріне ұқсас дақтарды көрген. Осыған байланысты 18 наурызда облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығы Сәбит Битаев Сәбит Кенжеханұлының төрағалығымен экология департаментінің басшылығымен бірге, «ҚазАвиаҚұтқару» АҚ-ның «МИ-8» тікұшағымен Каспий теңізіне әуеден барлау жұмыстарын жүргізді. Облыстық экология департаментінің қызметкерлері зертханалық зерттеулер үшін теңіз суының сынамаларын алды. Жүргізілген барлау жұмыстары кезінде су бетінде мұнай өнімдеріне ұқсас дақтар жоқ екені анықталды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.