АҚШ-тағы сайлау – демократияға деген сынақ

АҚШ-тағы сайлау – демократияға деген сынақ
Сурет: Pravda.com.ua

Американдықтар өз таңдауын жасайды.

8 қарашада АҚШ-тың барлық штатында жаппай "аралық сайлаулар" өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz cілтеме жасап.

Демократияның ұстыны саналатын бұл ел осы аламан доданы дәстүрлі түрде іс басындағы Президенттің өкілеттік мерзімі тең ортасына келгенде ұйымдастырады. Азаматтар Парламенттің төменгі, яғни Өкілдер палатасының 435 мүшесін, жоғарғы палата Сенаттың үштен бірін, сондай-ақ 36 штаттың "әкімін" таңдайды.

Саясаттанушы, The Washington Post саяси шолушысы Аарон Блейк АҚШ-та қалыптасқан тағы бір саяси дәстүрге назар аудартты.

"Аралық сайлаулар өз өкілі арқылы Ақ үйді бақылауда ұстап отырған партия үшін әрдайым ыңғайсыз", – деп атап өтті. Соңғы жүзжылдықта өткен 25 аралық сайлаудың 19-ында оппозиция айқын жеңген.

Американың қазіргі Президенті демократ екенін ескерсек, бұл жолы Демократиялық партия ойсырай жеңіліп, Дональд Трамп пен Илон Маск сияқты беделді тұлғалар дәріптеген Республикалық партия айқын жеңісін тойлауға тиіс еді. Мұны іс басындағы лидер де түсінсе керек.