Алматы облысында заңсыз жер сатқан бірнеше шенеунік сотталды

Алматы облысында заңсыз жер сатқан бірнеше шенеунік сотталды
Сурет: Inform.kz

Алматы облысына қарасты Талғар ауданының бірнеше шенеунігі әуежай маңындағы жерлерді заңсыз пайдалануға бергені үшін сотталды.

Талғар ауданы сәулет және құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы, Жер қатынастары бөлімінің жетекшісі мен Панфилов ауылдық округінің бұрынғы әкіміне 2015-2020 жылдар аралығында әуежай маңында орналасқан жерлерді мақсатсыз пайдалануға берді және сатты деген айып тағылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

10 маусым күні сот үкімі шықты. Олардың әрқайсысына 5-6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.