Еліміздің жеті өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің жеті өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Сурет: Ашық дереккөз

Синоптиктер 28 қаңтарда қолайсыз ауа райына байланысты еліміздің жеті аймағында ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

"Қазгидромет" РМК ақпаратына сәйкес, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік батысында, сондай-ақ Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.

Синоптиктер Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүретінін болжайды. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Көкшетауда оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. 

Жетісу облысының Алакөл ауданында шығыстан соққан желдің екпіні 18-23 м/с дейін жетеді деп күтіледі.