Алматылық көлік жүргізушілерге ескерту жасалды

Алматылық көлік жүргізушілерге ескерту жасалды
Сурет: Car.ru

Себебі жылу желілерін сынақтан өткізу орындарына көлік қоюға болмайды.

2021 жылғы 22 шілде мен 11 тамыз аралығында Алматы қаласының 8 ауданының аумағында жылу желілеріне гидравликалық сынақ сағат 3-тен таңғы 8-ге дейін жүргізілетін болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Алматы жылу желілері» ЖШС-не сілтеме жасап.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына қарамастан, судың жол бетіне шығуы, жол жабынының ішінара бұзылуы сияқты оқыс жағдайлардың орын алуы ықтимал.

Мұндай жағдайларда ешқандай дербес іс-қимыл жасамаңыз, оқиға орнынан дереу кетіп, ол туралы «АлЖЖ» ЖШС-ға 378-06-48 (қосымша 1014), 378-06- 62 (қосымша 1013) немесе 109 телефондары арқылы хабарлаңыз.

Жылу желілеріне сынақ жүргізу кестесі (көшелер бойынша):

22 және 27 шілде
Түрксіб ауданы: Сейфуллин – Бехтерев – Кассин – Айбасов көшелері;

26 шілде
Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Шагабутдинов –  Тимирязев – Розыбакиев көшелері.

27 шілде
Алатау ауданы: Аққайнар кенті – Мәмбетов кенті – БАҚ – тың оңтүстік жағы; Алмалы және Жетісу аудандары: Абылай хан – Бөгенбай батыр – Мұратбаев – Мақатаев – Тобаяқов – Сейфуллин көшелері.

27 және 28 шілде
Әуезов ауданы: Ұлықбек – Жандосов – Сайын – Яссауи көшелері.

27 және 30 шілде
Бостандық ауданы: Асқаров – «Алматы» санаторийі – Сайын – Әл-Фараби – Рысқұлбеков – Каблуков – Бәсенов – Өтепов – Розыбакиев – Жароков – Ходжанов – ҚазҰУ – Тимирязев – Ганди – Назарбаев – Жолдасбеков – Достық – Байжанов көшелері – ІІМ санаторийі.

28 шілде
Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Варламов – Жандосов – Айманов;
Алмалы және Медеу аудандары: Сейфуллин – Тобаяков – Назарбаев – Маметова – Уәлиханов – Әйтеке би көшелері;
Алатау ауданы: Мөңке би – Момышұлы – Райымбек – Фариза Оңғарсынова көшелері.

29 шілде
Алмалы және Бостандық аудандары: Әйтеке би – Панфилов – Шевченко – желтоқсан – Сәтпаев – Байтұрсынов көшелері;

29 және 30 шілде
Әуезов ауданы: Ұлықбек –Үлкен Алматы өзені – Рысқұлбеков – Сайын көшелері;

30 шілде
Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр –Байзақов – Өтепов –Розыбакиев көшелері;

2 тамыз
Алмалы және Бостандық, Медеу аудандары: Гоголь – Қорған – Сәтбаев – Чайковский көшелері;
Алмалы және Жетісу аудандары: Рысқұлов – Сейфуллин –Гайдар – Қарасай батыр көшелері.

3 тамыз
Алмалы, Жетісу және Медеу аудандары: Сейфуллин – Рысқұлов – Жангелдин – Райымбек – Куратов – Гоголь көшелері.

3 және 4 тамыз
Алатау, Алмалы және Әуезов аудандары: Рысқұлов – Гайдар – Яссауи – Абай көшелері.

4 тамыз
Алмалы ауданы: Райымбек –Тілендиев – Розыбакиев – Құлымбетов көшелері;
Жетісу ауданы: 1, 2, 3, 4-Айнабұлақ ықшам аудандары – Көкмайса ықшам ауданы;
Алмалы және Бостандық аудандары: Гоголь – Панфилов – Абай – Желтоқсан – Тимирязев көшелері – Есентай өзені.

5 тамыз
Алатау ауданы: Мөңке би – Б.Момышұлы – Ф. Оңғасырова – Зерделі ықшам ауданы;
Жетісу және Түрксіб аудандары: Рысқұлов – Глазунов – Тихий – Жансүгіров, Ратушный көшелері, Құлагер ықшам ауданы.

5 және 6 тамыз
Алмалы ауданы: Төле би – Абай – Әшімов – Гайдар көшелері.

6 тамыз
Алмалы ауданы: Қарасай батыр –Төле би – Кәрімов – Масанчи көшелері.

11 тамыз
Наурызбай ауданы: Жуалы – Сабденова –Жақыбаев –Тарғап көшелері.

Аталған аумақтардың контурларында тұратын барлық тұтынушыларға ыстық сумен жабдықтау толығымен сақталады.
Гидравликалық сынақтар қалалық жылу кешенін алдағы жылыту маусымына дайындау аясында жылу желілері жабдықтарының жай-күйін тексеру және құбырлардың проблемалы учаскелерін анықтау үшін жүргізіледі.