Қазақстан бақытты елдер арасында бестікке енді

Қазақстан бақытты елдер арасында бестікке енді
Сурет: azh.kz

Қазақстандықтардың бақыт индексі жоғары

Пандемия, әлеуметтік-экономикалық жағдайларға қарамастан, бақытты қазақстандықтар қатары басым. Мұндай нәтижені Gallup International жүргізген зерттеуі көрсетіп отыр. Зерттеу бойынша әлемдегі бақытты елдердің рейтингі жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Аталмыш зерттеуге 44 елден 41460 адам қатысқан. Онда қазақстандықтардың бақыт индексі  81%-ды көрсеткен, осылайша ел тұрғындары әлемдегі бақытты адамдар қатарынан болып шықты.

«Бақыт деңгейі тікелей кіріске байланысты емес. Қазір әлем өзгеріп жатыр, көптеген ұғымдар астаң-кестең болды. Болашақтың келбеті бұлыңғыр», – дейді зерттеуді жүргізген Gallup International ұйымының өкілі Андрей Милехин.

Ең төмен көрсеткіш Гана, Ауғанстан, Гонконг, Ирак және Ресей елдерінде тіркелген.