Мектеп бағдарламасына өмірлік маңызы бар дағдылар енгізіледі

Мектеп бағдарламасына өмірлік маңызы бар дағдылар енгізіледі
Сурет: Parents.ru

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев осылай айтты.

«Биыл біз жалпы білім беретін мектептердің оқу бағдарламаларына өмірлік маңызы бар дағдыларды үйрету курстарын енгізіп жатырмыз», - деді вице-министр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Zhas Project жобасы мемлекеттік жастар саясатының қажеттіліктерін қанағаттандырып қана қоймай, оның дамуына, жастармен жұмыс істеуде және тәсілдер мен шаралардың пайда болуына ықпал етті. Қазақстанда жастар корпусын дамыту жобасын Білім және ғылым министрлігі 2016 жылдан бері жүзеге асырып келеді.

«Zhas Project мемлекеттің кейбір стратегиялық міндеттерін шешу үшін бірнеше тапсырмаларды іске асырды. Олар жастарды және олардың волонтерлік қызметке қатысуын дамытуға, қоғамдастықтың өмірі үшін жауапкершілікке және мектепті аяқтап, мамандық таңдау кезінде дұрыс шешім қабылдауды үйретуге бағытталды. Атап айтқанда, жоба барысында NEET санатындағы жастармен жұмыс жөніндегі нұсқаулықтар, жастарды дамыту индексі, волонтерлік қызметті дамыту стратегиясы, кәсіптік бағдарлау жүйесін дамыту жөніндегі әдістемелік ұсынымдар және басқа да құжаттар әзірленген болатын. Биыл біз жалпы білім беретін мектептердің оқу бағдарламаларына өмірлік маңызы бар дағдыларды үйрету курстарын енгізіп жатырмыз. Осы орайда жоба аясында әзірленген дағдылар бағдарламасын қарастырудамыз. Осы жылдар ішінде жоба мемлекеттік жастар саясатының қажеттіліктерін қанағаттандырып қана қоймай, оның дамуына, жастармен жұмыс істеуде және тәсілдер мен шаралардың пайда болуына ықпал етті деп айта аламыз», - деді Қуаныш Ерғалиев.