Топар кентінде үш адамнан сібір жарасы анықталды

Завершилась ее третья неделя, сообщает Vecher.kz.

Топар кентінде үш адамнан сібір жарасы анықталды almaty-akshamy.kz

Топар кентінде сібір жарасының ошағы анықталды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz 


Топар кентінде сібір жарасының ошағы анықталды. Жеке аулада қожайындары 8 айлық бұқаны союға мәжбүр болған. Мал иелерінің айтуынша, мал ауру күйде болған, етін сатуды жоспарламаған. Сол ауладағы үш адамнан сібір жарасы анықталды, тағы екі адам дәрігерлер бақылауында. Сондай-ақ, олармен байланыста болған 30 адам анықталып, олармен профилактикалық іс-шаралар туралы түсіндірме әңгіме жүргізіліп, медициналық бақылау орнатылды.



Мәжбүрліктен сойылған малдың еті тәркіленіп, мөрленіп, ветеринариялық заңнамаға сәйкес жойылатын болады.Кентте індетті оқшаулау және жою үшін барлық қажетті санитарлық-ветеринарлық эпизоотияға және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілуде. Барлық тексерілген ошақтарда дезинфекция жүргізілді, ветеринария мамандары үйлерді аралап, малдарды клиникалық тексеру және термометриямен мәжбүрлі егу жұмыстарын жүргізуде. Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті арқылы ветеринариялық препараттардың республикалық қорынан вакциналар мен дезинфекциялық құралдармен толық қамтамасыз етті.



Кентке Абай қаласынан кіре берісте көліктерді санитарлық өңдеуден өткізу үшін бекет орнатылды. Карантиндік шараларды сақтау үшін Жартас кентінен Топар кентіне екінші кіреберіс уақытша жабылды.Тұрғындардың қозғалысына шектеу қойылған жоқ. Сондай-ақ кенттен мал әкетуге және әкелуге, оны шаруашылықтар ішінде саудалауға, ауру малдың сүтін пайдалануға, мал союға және сол аумақтан жем мен жемшөп қоспаларын пайдалануға тыйым салынды.




Жағдай уәкілетті қызметтердің толық бақылауында. Оқиға орнында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, денсаулық сақтау, ветеринариялық бақылау комитетінің аумақтық инспекциясы мен ветеринария басқармасының, республикалық эпизоотияға қарсы топтың бір топ қызметкерлері жұмыс істеуде. 

Ваша реакция?
Нравится
0
Не нравится
0
Смешно
0
Возмутительно
0
Спасибо за Ваше мнение