Тоқаев ІІІ Чарльзге жеделхат жолдады

Тоқаев ІІІ Чарльзге жеделхат жолдады
Сурет: Аqorda_resmi

Біз бұдан бұрын 75 жастағы король III Чарльздің қатерлі ісікке шалдыққанын хабарлағанбыз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Королі ІІІ Чарльздің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіріп, жеделхат жолдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.

«Диагностикалық тексерулер қатерлі ісіктің түрін анықтады. Король дүйсенбіден бастап тұрақты емделуге кірісті. Ол тезірек емделуге құштар және мүмкіндігінше мемлекеттік қызметке толықтай оралуға асығады», - делінген Букингем сарайының хабарламасында.