5 облыста жол жабық

5 облыста жол жабық
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Ауа райының қолайсыздығына байланысты.

5 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ақтөбе облысында – 1 учаске

  1. «Самара-Шымкент» 776-965 км, «ЭКО Ойл» ЖҚС-Қарабұтақ к. – 189 км.

Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады

(қар, бұрқасын, шектеулі көрініс)

Жетісу облысында  – 1 учаске

  1. «Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма ст.-Достық ст. – 100 км.

Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады

(қар, бұрқасын, шектеулі көрініс)

Батыс Қазақстан облысында  – 1 учаске

  1. «Орал-Тасқала- РФ шекарасы» 4-104 км, Орал қ.-РФ шек. 100 км.

Шектеу жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін енгізілді

(жел, бұрқасын, шектеулі көрініс)

Қостанай облысында – 1 учаске

  1. «Жезқазған-Петропавл» 252-335 км, Ұлытау обл.шек – Арқалық қ. – 83 км.

Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады

(Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты)

Ұлытау облысында – 1 учаске

  1. «Жезқазған-Петропавл» 137-252 км, Ұлытау к.-Қостанай обл. шек. – 115 км.

Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады

(бұрқасын, шектеулі көрініс)

Республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 769 бірлік техника және 1570 жолшы жұмылдырылды.