Еліміздің көптеген аймағында айыптұрақтар жеткіліксіз

Еліміздің көптеген аймағында айыптұрақтар жеткіліксіз
Сурет: Inform.kz

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов жол қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі Үкімет отырысы барысында айыптұрақтар жөнінде айтты.

Ол мамандандырылған тұрақтарды жабдықтау мәселелерін шешуді талап ететінін атап өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда бірқатар әкімшілік құқықбұзушылықтар автокөлікті тәркілеуді көздейді (оның ішінде мас күйінде, жалған мемлекеттік нөмірлермен және т.б. басқару үшін). Алайда аймақтарда айыптұрақтар жетіспейді.

«Арнайы айып тұрақтарын ашу мәселесін шешу қажет. Еліміздің көптеген аймағында айып тұрақтары жеткіліксіз. Мысалы, елордада екі-ақ коммуналдық тұрақ бар. Оның екеуі де толып тұр. Ал Ақтөбе мен Атырауда айып тұрақтары бір-бірден ғана бар. Қарағандыда мүлдем жоқ. Сол себепті тәркіленген автокөліктер полиция бөлімдерінде тұр», – деді министр.