Александр Бублик Франциядағы турнирдің жартылай финалына шықты

Александр Бублик Франциядағы турнирдің жартылай финалына шықты
Сурет: Sputnik.kz

Қазақстанның бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Александр Бублик Метц (Франция) ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 31-інші, осы жарыстың 4-ракеткасы, даниялық Хольгер Рунемен кездесті.

Бірінші партияда А.Бублик 6:3 есебімен басымдылық танытса, екіншісінде қарсыласы есе қайырды – 7:5.

Үшінші, шешуші сетте қазақстандық спортшы дегеніне жетті – 6:4.

Екі сағатқа созылған тартысты матчта Бублик 15 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың төртеуін құр жібермеді. Х.Руне 3 эйс, 3 брейкпен (5 брейк-пойнт) көзге түсті.

А.Бублик финалға шығу үшін дүниежүзілік рейтингте 284-орында тұрған, «Үлкен дулыға» турнирлерінің екі дүркін чемпионы, швейцариялық Станислас Вавринкамен таласады. Ол жарыс барысында әлемнің бұрынғы 1-ракеткасы, ресейлік Даниил Медведевті де жеңіп кетті.