Шетелдік IT-компаниялар Қазақстанға қызығушылық танытуда

Шетелдік IT-компаниялар Қазақстанға қызығушылық танытуда
Сурет: Spark.ru

Бүгінде Astana Hub халықаралық технопарк аумағында 70-тен астам шетелдік компания тіркелген.

Түрлі елден келген білікті мамандар өз тәжірибелерімен бөлісіп жатыр. Мамандардың айтуынша, Қазақстанда барлық жағдай жасалған.

«Осы жаққа келмес бұрын мемлекетпен бейнеролик арқылы таныстық. Зәулім ғимараттарды өз көзімізбен көргенімізде таң қалғанымызды жасыра алмадық. Табиғаты да әсем. Қазақстандық әріптестермен тез тіл табысып кеттік. Қазақтар да, белорустар сияқты жылы шырайлы халық екен», - дейді  IT маман Екатерина Лопух.

Екіжақты тиімді ынтымақтастық барысында келуші тарапқа бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Атап айтқанда, визалық және еңбек режимдері жеңілдетіледі, жылдамдығы жоғары интернет, 5G желісі мен нетворкинг ұсынылады.