Алматы облысында республикалық маңызы бар автожол жабылады

Алматы облысында республикалық маңызы бар автожол жабылады
Сурет: 24.kz

Жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Автожолдағы қозғалыс тек бір күнге ғана жабылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«Нұртас» ЖШС хабарлауы бойынша республикалық маңызы бар «Сарыөзек-Көктал» автожолында 45-68 шақырым учаскесінде реконстукциялық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 2022 жылғы 8 сәуір күні сағат 9:00-ден бастап 9 сәуір күні аралығында бұрғылау-жару жұмыстары жүргізілетін болады. Осыған байланысты автокөлік жолының осы учаскесі автокөліктің барлық түрлері үшін жабық болады», -  делінген хабарламада.

Алматы облысының ТЖ департаменті азаматтардан осы бағытта жол жүруден бас тартуды және өз бағытын алдын ала түзетуді, сондай-ақ 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.