Tesla – әлемдегі ең қымбат автомобиль бренді

Tesla – әлемдегі ең қымбат автомобиль бренді
Сурет: Forbes.ru

Ол алғаш рет Mercedes-Benz пен Toyota-дан асып түсті.

Brand Finance-тің мәліметінше, Tesla әлемдегі ең қымбат автомобиль бренді болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Tesla бір жыл ішінде әлемдегі ең қымбат автомобиль брендтерінің тізімінде екі орынға көтеріліп, алғаш рет Mercedes-Benz пен Toyota-дан асып түсті.

Tesla брендінің құны қазір 66,2 миллиард долларға бағаланады, бір жыл ішінде бұл көрсеткіш 44%-ға, ал пандемияға дейінгі уақыттан бері бес есе өсті.

Toyota үшінші орынға түсіп, оның құны 18%-ға төмендеді ($52,5 млрд), Mercedes-Benz өзінің екінші орнын сақтап қалды (3%-ға төмендеп, $58,8 млрд құрады).