Тайвандағы президент сайлауы өтті

Тайвандағы президент сайлауы өтті
Inform.kz

Тайвандағы президент сайлауы өтіп Лай Циндэ жеңіске жетті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz  Kazinform сілтеме жасап.

Сайлаушылардың 41%-ы Лай Циндэге дауыс берді (бюллетеньдердің 80%-ы өңделгеннен кейін). Сайлаушылардың 33%-ы Гоминьдан партиясының кандидаты Хоу Юиді қолдады. Үшінші үміткер Тайван халықтық партиясының (ТХП) басшысы Кэ Вэньчжэ 26 пайызға жуық дауыс жинады.

Тайванда сонымен бірге заң шығарушы юанға (Парламентке) сайлау өтті.Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, парламенттің жаңа шақырылымында ДПП-да 52, Гоминьдан партиясында 51 орын болса, Тайван халықтық партиясында 8 мандат, сонымен бірге тәуелсіз кандидат та бір мандат алады. Қалған орын үшін Жаңа Тайбэйдегі сайлау округтерінің бірінен – ДПП мен Гоминьдан партиясының кандидаттары арасында талас жүріп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Тайванда президент және парламент сайлауы өтті. Дауыс беруге 19,5 миллион адам қатысты. Тайван президенті төрт жылдық мерзімге сайланады және бір рет қайта сайлана алады.