Су мәселесі күн тәртібінен түспей тұрған күрделі тақырып

Су мәселесі күн тәртібінен түспей тұрған күрделі тақырып
Сурет mixyfotos.ru алынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  Жолдауы – өткенге есеп, болашаққа бағдар беретін маңызды шара. Ол алдыңғы реформалардың заңды жалғасы.

Президент осы Жолдауы барысында ел экономикасын  ілгері сүйрейтін әлеуетті салалар ретінде: өндіріс пен қайта өңдеуді, геобарлау мен тау – кен саласын, жасыл экономика, атом энергетикасы, көлік – логистика, цифрландыру және инновация, креативті индустрия, кәсіпкерлікті қолдау, макроэкономикалық саясат және т.б. атап өтті. 

Біз – басты міндеті ауылды аймақты өркендетуге бағытталған «Ауыл» партиясы, олардың қатарында – отандық агроөнеркәсіп кешені мен су мәселесінің айтылуын үлкен толғаныспен  қабылдадық.

Су мәселесі де тұтас елімізді қамтитын, күн тәртібінен түспей тұрған күрделі тақырып. Президент кешегі Жолдауында аталған саладағы  мәселелер кешенін дәл айқындап, шешу жолдарын ұсынды. Атап айтқанда, ортақ трансшекаралық су ресурстарын көрші елдермен бірлесе пайдалану, суды үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу, суды мол қажет ететін дақылдардан біртіндеп бас тарту, тозығы жеткен суару жүйелерін қалыпқа келтіру, көктемгі қызыл су мен күзгі жауын суын жинақтау мақсатында жаңа суқоймаларын салу, қолданыстағы тозған суқоймаларды жөндеуден өткізу және т.б. бойынша нақты тапсырмалар берді.Ең бастысы осы жұмыстарды реттеп, үйлестіретін Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылатын болды.

Ауыл» партиясы елдік мүддені негізге алып, әрбіріміздің отан алдындағы борышымызды сезіне отырып, баршаңызды, Мемлекет басшысының Жолдауын қолдауға және оны жүзеге асыруда жұмыла еңбектенуге шақырады.