Алматыда «Роза Бағланова» мюзиклі өтеді

Алматыда «Роза Бағланова» мюзиклі өтеді
Сурет: Ашық дереккөз

Роза Бағланованың туғанына 100 жыл

Халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына орай «Қазақконцерт» ұйымына қарасты «Astana Musical» мемлекеттік театры «Роза Бағланова» атты жаңа мюзиклін орындайды,  деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

30 қараша «Аlmaty Theatre» театрында өтетін кешке әншінің балалық және жастық шағы, сондай-ақ, соғыс жылдарындағы қиын тағдыры, аты аңызға айналған әншінің өміріндегі осынау шешуші кезеңдері оның үлкен шығармашылық жолының қалыптасуына негіз болды. Дәл осы тарихи сәттер мюзиклде баяндалады. 

Роза Бағланованың басынан өткен қиындықтары мен өмірі қилы сынақтарға толы, игі істері мен ерен жетістіктері шығармашылығының қайталанбас әлемін аша алады.

Театр өнерінің заманауи технологиялары, шығармашылық режиссерлік, музыкалық және ерекше хореографиялық шешімдер, 20 ғасырдағы танымал әндер және соғыс жылдарындағы ерекше атмосфера ешкімді бей-жай қалдыра алмайды.

Мюзиклдің қоюшы-режиссеры – «Astana Musical» мемлекеттік театрының көркемдік жетекшісі Есләм Нұртазин, қойылымның авторлары – Ефрат Шарипов, Шыңғыс Маман, Айдын Сахаман және Әннәс Бағдат. Композиторы – ҚР еңбек сіңірген қайраткері – Артур Оренбургский, саунд дизайнер – Ақжол Өмірзақов.