Алматыда санитарлық-эпидемиологиялық қызметке 12 автокөліктің кілті табысталды

Алматыда санитарлық-эпидемиологиялық қызметке 12 автокөліктің кілті табысталды Сурет: Almaty.tv

Бұл үшін республикалық бюджеттен қаражат бөлінген.


Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандарына жаңа 12 автокөліктің кілті табысталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv сілтеме жасап.


Оның алтауы Жетісу облысына бұйырса, қалғаны Алматы облысының қызметкерлеріне берілді. Салтанатты іс-шара бүгін Алматыда өтті. Мамандардың айтуынша, көліктер шалғай орналасқан аудандар мен аудан орталықтарына жөнелтіледі. Айта кету керек, мұндай іс-шаралар еліміздің басқа да өңірлерінде жалғасын табады. Ол үшін республикалық бюджеттен қаражат бөлінген.



«Денсаулық сақтау министрлігінен бүгін арнайы көлік біздің Алматы облысына келді. Олар биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін және де ішкі, сыртқы қауіп-қатердің алдын алу үшін уақытылы санитариялық-эпидемиологиялық іс-шара атқару үшін, індетті тергеу үшін өте қажет», – деді Алматы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Марат Исмаилов.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38

14:28

14:01

13:17

13:14

13:09

13:02

12:51

12:35