Өзбекстандық қазақ боксшысы «Канело» - Бивол андеркартында қарсыласын нокаутқа түсірді

Өзбекстандық қазақ боксшысы «Канело» - Бивол андеркартында қарсыласын нокаутқа түсірді
Сурет: Prosport.kz

Өзбекстанның намысын қорғайтын қазақ боксшысы Елнұр Әбдураимов Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) өткен бокс кешінің андеркартында жеңіске жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

Оның қарсыласы жеңілмеген кубалық боксшы Мануэль Корреа болды. Екінші жеңіл салмақтағы жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланғанымен, екіншісінде аяқталған.

Әбдураимов қарсыласын екі рет нокдаунға түсіріп, техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Өзбекстандық боксшы тоғызыншы кәсіпқой жекпе-жегінде жеңіске жетіп, Корреа карьерасында алғаш рет жеңілген.