Рахат Тұрлыханов 10 күнге қамалды

Рахат Тұрлыханов 10 күнге қамалды
Сурет: интернеттен

Әйелін ұрып-соққан әнші туралы бұдан бұрын хабарлағанбыз.

Рахат Тұрлыхановты 10 күнге қамау туралы қаулы заңды күшіне енді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Алматы қалалық соты Рахат Тұрлыхановқа қатысты ұрып-соғу дерегі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істі қарады.

Бұған дейін бірінші сатыдағы сот Рахат Тұрлыхановқа қатысты әкімшілік ескерту түрінде қаулы шығарған.

Аталған материалды қарау барысында сот алқасы оның бұрын әйелін бірнеше рет ұрып-соққанын ескеріп, бірінші сатыдағы соттың тағайындаған жазасымен келіспеді. Осылайша қаулы өзгеріп, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-2-бабының 1-1-бөлігіне сәйкес, Тұрлыхановқа қатысты жаза ескертуден 10 тәулікке қамауға өзгерді. Қаулы заңды күшіне енді.