АҚШ-та аяздан төрт адам көз жұмды

АҚШ-та аяздан төрт адам көз жұмды
Сурет: ашық дереккөз

АҚШ-тың Колорадо штатында аяз салдарынан 4 адам ажал құшты.

Аймақта қалың қар жауып, температура бағаны минус 35 градусқа дейін төмендеген, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Ондаған мың тұрғын жарықсыз отыр. Жергілікті мамандар халыққа көшеде көп жүрмеуді ескертіп әлек. Олар мұндай аязда далада 20 минут жүрген адам үсіп қалады дейді. Синоптиктер аймаққа Арктика суығы келгенін және үскірік әлі бірнеше күнге созылатынын айтады.