Мемлекет басшысы Иордания Королімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы  Иордания Королімен телефон арқылы сөйлесті
сурет: akorda

Екі елдің басшылары Қазақстан мен Иордания арасындағы тұрақты байланысты жалғастыру жөнінде уағдаласты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Хашимит Корольдігінің Королі II Абдалла бен Хусейнмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекеттер басшылары бір-бірін барша мұсылман қауымы үшін қасиетті саналатын Рамазан айының басталуымен құттықтады.

Сондай-ақ екі елдің басшылары Қазақстан мен Иордания арасындағы қарым-қатынас перспективаларын талқылап, тұрақты байланысты жалғастыру жөнінде уағдаласты.