Талдықорғанда оқ-дәрілер жасырылған жер табылды

Талдықорғанда оқ-дәрілер жасырылған жер табылды
сурет: polisia.kz

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Талдықорғанда оқ-дәрілер жасырылған жер табылды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Polisia.kz сілтеме жасап. 

Ол жерден тапаншаларда, револьверлерде, пулеметтерде және басқа қаруларда қолдануға болтын 9 мм калибрлі 838 патрон табылды.

«Патрондар арнайы қағаз контейнерлерге оралып, үлкен кенеп қапшыққа салынған. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында істің барлық мән-жайы анықталатын болады», - деді Жетісу облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Сарқытбай Құсаинов.