Полициясы жалған хабарламалардың авторларын іздестіріп жатыр

Полициясы жалған хабарламалардың авторларын іздестіріп жатыр
Сурет: ашық дереккөз

 Алматы қалалық Полиция департаментінің жедел бөлімшелері жаңа технологияларды қолданып, кеше түнде қоғамда негізсіз дүрбелең мен үрей тудырған жалған хабарламалардың авторларын анықтап жатыр, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

«Жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған», - деп ескертті қаланың полиция департаменті. 

Бұған дейін тәртіп сақшылары азаматтарды ақпараттық мәдениетті сақтауға шақырып, тек ресми ақпарат көздерінен алынған мәліметке сенуді ұсынған болатын.

Еске салайық, қаңтардың 22-сінен 23-іне қараған түні Алматыда бірнеше толқынмен жер сілкінді. Ресми мәлімет бойынша алғашқы дүмпудің амплитудасы 5 баллға дейін жеткен. 

Эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан түнгі жер сілкінісі Алматы мен Шымкенттен бөлек, Астанада және Қазақстанның 5 облысында сезілген.